Сабақтар

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 1

Концерт к 8 марта!
Автор: Тынымова Т.К.

Қазақстан қорықтары

         Сабақтың тақырыбы:         Қазақстан қорықтары.

Сабақтың мақсаты:

1)    Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу,сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.

2)    Оқушалардың тіл байлығын, ой- өрісін дамыту.

3)    Оқушыларды қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.

 Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, слайдтар.

Әдістер: ой қозғау, диалог, сұрақ- жауап, әңгіме кестесі.

Сабақтың эпиграфы: «Сүйейік  табиғатты, аялайық!»

                                                                           Ө. Турманжанов

 

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а).Оқушылармен амандасу;

ә).Кезекшілердің жауабы.

II. Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Қазақстанда қандай таулар бар?

2.Тау биіктеген сайын ауа райы қандай болады?

3.Ауаның қысымы не істейді?

4.Таудан нелер ағады?

5.Таудың солтүстік жағында, оңтүстік жағында нелер өседі?

III. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

IV. Ой-толғаныс: «Адамның табиғатсыз күні жоқ,

                            Табиғаттың оны айтар тілі жоқ,»

-       деп ақын жырлағандай, адам да - табиғаттың баласы.

-       Табиғат деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-       Адам нелермен үнемі байланысты болады?

(Адам айналадағы ортамен, яғни, жермен, өзен-көлдермен, барлық тірі ағзамен үнемі байланысқа түседі.)  (Кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.)

-       Қорық – дегеніміз не?

-       Қорықтар неге керек?

-       Олар қандай кітапқа енді?

-       Оның мақсаты қандай?

( Оның басты мақсаты – саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алады.)

-       «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» нешінші жылы құрылды?

-       V. Жаңа сөздермен жұмыс:

1. Сан алуан - бесчисленное множество

ағады - течет

тіркеу – регистрировать

қорғау – защищать

қорық – заповедник

қорғауға алынған – взяли под защиту

келешекке сақтап қалу – сохранить для будущего

өзгерістеріне бақылау жасау – контролировать изменения

бастапқы қалпына келтіру – вернуть в первоначальное состояние

суда жүзетін құстар – водоплавающие птицы

2.Сөздермен сөз тіркестерін құрау.

3.Олардың синоним, омоним қатарын табу.

Синоним: сан алуан, сансыз, сансыз көптік;

                   Қорғау, жақтау.

Омоним: тіркеу – тұйық етістік (регистрировать-тізімге кіргізу)

                            зат есім (регистрация- ұшаққа отырғызу тіркеуі)

VI. Топтық жұмыс.

Бүгін әрбір топ үй жұмысын орындап келді. Сендерге қысқа мерзімді жобалау жұмысы берілді. Қанекий, сол жұмыстарыңызды тыңдап бағалайық.

Жоба мақсаттары: Қазақстандағы қорықтар туралы шағын жобаларын қорғау.

Жұмыстың жүргізілуі: 1.Қорықтар туралы мәліметтерін айту;

                                      2.Үйде жасап әкелген сызбаларын тапсыру.

                                      3.Мәтінге сұрақ қою.

I топ «Ақсу-Жабағалы қорығы» (Вальгер А., Лазоренко Н.)

II топ «Наурызым қорығы, Үстірт қорығы» (Самратова Н., Умербаева Д.)

III топ «Алматы қорығы, Алакөл қорығы» (Муканова Ж., Хабибулина Р.) IV топ «Барсакелмес қорығы» (Қасенов Т., Червоняк А.)

V «Батыс Алтай қорығы» (Скодоров Д., Пацер А.)

VI «Қорғалжың қорығы» (Асауленко Ю., Мурзаева О.)

VII топ «Қаратау қорығы, Марқакөл қорығы» (Берчак С., Берчак Н.,     Пятунина М.)

VII.                    Грамматикалық жаттығулар:

1.     Сіздер деген жіктеу есімдігін септеңдер. Онымен 3-4 сөйлем құраңдар.

2.     Берілген сөйлемді дұрыс құрап, синтаксистік талдауын жасаңдар.

 1                2                  3             4              5                    6               

          Қазақстан, ащылған, табиғатты, үшін, қорықтары, сақтап қалу,

                  7

          келешекке.

VIII.                 Оқушылар  географиялық картадан қорықтардың орналасуын көрсетеді.

IX.                       Сабақты қорытындылау.

а). Сұрақ – жауап:

1.Маңғыстау облысында орналасқан қорық. (Үстірт)

2.Наурызым қорығы қайда орналасқан? (Қостанай)

3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорықты аты? (Ақсу- Жабағылы)

4. «Ән салғыш құмдар» (Алматы)

5. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық. (Қорғалжын)

6.Ең жас қорық. (Қаратау)

7.     1968 жылы құрылған қорық. (Қорғалжың)

Х.       ә). Тест сұрақтарына жауап беру:

XI. Оқушыларды бағалау.



Вложенные файлы:
қazaқstan-қoryқtary.rar

Просмотров: 874
Дата создания: 12.12.2011
Дата редактирования: 12.12.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource